25 Қар 2020
Страницы KZ «Ақжар саз мектебі» КММ

Мектеп туралы

«Ақжар балалар саз мектебі» КММ

Мекен жайы  : Акжар ауылы . Жамбыл көшесі № 16

Мекеменің ашылған жылы 1968 ж

Мекеменің сыйымдылығы  349.3

Байланыс телефоны:8 344 72 20 188

Мекеменің е-mail:akzhar.dmsh  @ mail. ru

Ақжар балалар саз мектебінің қысқаша тарихы

 

Қазақ халқы әрқашанда өнерге бейім, әнге құмар, сазгерлікке шебер халық екені тарихтан белгілі. Олардың арасынан әнші де, биші де, күйші-сазгерлерде шыққаны аян. Оған тарих куә.

  Демек, қазақ халқы әнші халық, қазақ жұрты сазгер халық, қазақ халқы ақын да, күйші халық. Біздің қаншама саналы да көзі ашық азаматтарымыз қиын-қыстау заманның өзінде жас ұрпақтарымыздың көзін ашу үшін, көкірегін ояту үшін басын бәйгеге тіге отырып, мектептер ашуға жандарын пида етеді. Солшыл  саясаттың құрбаны болып кетседе, соңдарына із қалдырып кетті. Осындай ізгі-мұрат жалғасын тапқан бұл заманда мектеп ашу, оны дамыту жұмыстары бүкіл халықтық  іс   болды. Міне осындай мақсатпен, 1968 жылы Ақжар балалар саз мектебі ашылды. Оны басқаруға дарынды музыкант, ұлттық музыкалық аспапты терең меңгерген Әнуарбек Сейілханов Хакимжанұлы тағайындалды. Бұл – ауылдағы басты жаңалықтардың бірі болды. Өнер әлеміне әбден сусындаған ел саз балалар мектебіне балаларын жаппай тарта бастады. Сол кезде мұның өзі құрлыққа тамған тамшыдай еді. Әнуарбек Сейілханов Хакимжанұлы ұлттық өнердің кәусар бұлағынан нәр алып, ұлттық музыкалық аспабын терең меңгергендіктен, көпке үлгі болды. Балалар оған еліктеп, өнерге, саз әлеміне деген сүйіспеншіліктерін арттыра түсті. Әнуарбек аға уақытпен санаспай, мекен-жайдың жайсыздығына қарамай, қолда барды пайдалана отырып, балалардың жүректерінен жалынды лаулата білді. Әнуарбек аға, тек саз мектебін ұйымдастырып қана қоймай, Ақжар халық театры жанынан  «Халық хорының»  негізін  қалады. Соған да басшылық жасап, өнердің өркендеуіне үлесін қоса білді. Шағын ғана төрт бөлмеде орналасқан саз мектебінде фортепиано, баян сыныптары және қосымша сольфеджио, музыка әдебиеті сабақтары бойынша оқушылар білім алды. Сол балаларға алғашқы ұстаздары болып Жұлдыз Искакова, Бакыт Тұрақбайева, Салиха Малгаждарова, Совет Болтенов, Жұмабике Әбілмажинова сынды ұстаздар сабақ беріп, саз әлеміне, алғашқы рет қарлығаштарын ұшырды.

Кейін саз мектебін Масалимов Тоқтасын Мырзағұмарұлы басқарды. Ол кісі әншілігімен Ақжар өңіріне танылған жандардың бірі еді. Тоқтасын ағамыз Ақжар мәдениет үйінде алғаш ашылған хордың солисті болып та жұмыс атқарды. Өз ісіне берік, өнер әлеміне қалықтап, талай додаларға түскен ағамыз көптеген ізгі істерді, саз мектебінің қалыптасуына, дамуына, екі аяғынан тік тұрып кетуіне бар күш жігерін жұмсай білді. Осындай әншілік қабілетімен музыка мектебін 5-6 жылдай басқарды.

1974-1978 жылдары аккардион аспабын жете меңгерген Зубков Валерий 4-5 жыл басқарып, саз мектебінің қанатының қатаюына, қалыптасуына көп қызмет атқарды. Осы уақыт ішінде саз мектебіне деген халықтың таңдаулары көбейіп, бала санының артуына себебін тигізе бастады.Сол себепті пайдаланып жүрген ғимарат тарлық жасап, сол кездегі Абай мектебінің бір жақ бөлігі саз мектебіне берілді. Бұрынғыға қарағанда қолымыз ұзарып, керегеміз кеңейіп қалды – деп, еске алады мектеп ардагерлері. Дәл осы кезде, 1978 жылы Саз мектебінің директорлығына осы мектептің қалыптасуна үлкен үлес қосқан, оқушылардың , ата-аналардың, ұжымның құрметіне бөленген, нағыз өнердің нағыз жанашыры әнші, әрі сазгер Каирбаев Канапья Капашұлы келуі  көптеген өзегерістер мен қалыптасудың , дамудың жолын ашты. Оның мамандығы баян аспабы болғандықтан, оның қыр-сырын балаларға үйретті, меңгерту саласында көптеген ізденіс жасап, жас жеткіншектері өзінің мақсатына топтасуға мән берді. Мектептегі оқушылар саны 50-70 бала болды

Қанапья Қапашұлы әнші, әрі сазгер болды. Оның 35 астам өлеңдері кеңінен таратылып, жастардың күнделікті орындайтын әндеріне айналды. Халық арасында беделі артып, өнердің шырайына айналды. «Арман құшағында», « Аналар-асыл жандар», «Мектеп бітірушілер вальсі», «Шығыстың алтын бесігі», «Ақжарыма», «Қариялар», және т.б. шығармашылық орны ерекше болды. Оның өлеңдері әр уақытта да биіктен көрініп, жеңімпаз атанды, жүлделерге ие болды. Сонымен қатар өзі басқарған Саз мектебінің абыройы өсіп, өнерге деген ел-жұрттың сүйіспеншіліктері артты, өнерге деген балалар жаңадан жіргерлі де өнерлі, білімді де салауатты.

Ол кезде қызмет еткен ұстаздар қобыз сыныбы бойынша Ескендірова Зейнеп, Сахариова Балшекер, домбыра сыныбы бойынша Баяқов Тұрсынғазы, Балтенов Совет, Кажаева Бибинур, баян сыныбы бойынша Шидербаев Анатолий, Қаламбаева  Гүлжан, сольфеджо сыныбынан Казиева Бибисамиға, халық аспаптар оркестрінің жетекшісі және музыка әдебиеті пәні бойынша Аманбек Мұхаметжанов, хор сыныбынан Гулзайып Шакирова. Кейіннен домбыра сыныбынан Кәкімбек Ердібаев, қобыз сыныбынан Зайнур Ердібаева сынды ерлі – зайыпты ұстаздар жеке аспап үшін, оркестр үшін көп еңбек сіңірді.

1988 жылы Каирбаев Канапья Капашұлы өз өтінішімен директорлықтан босап, орнына Шидербаев Анатолий  Калимолданұлы 6-7 жыл басқарды. 1993-1994 жылдары Ердібаев Кәкімбек Ғафурұлы басшылық етті. 1995 жылдан бастап қайтадан Каирбаев Канапья Капашұлы  келіп, Ақжар балалар саз мектебінде директорлық қызметін жалғастырды. 2003 жылдары  Кәкімбек пен Зайнүр Астанаға көшіп кеткеннен кейін, орнына домбыра сыныбына Ажар Кабатаева, қобыз сыныбына Меруерт Кожаева келіп, қазақтың бас музыкалық аспаптарының қадір-қасиетін дәріптеуде өз үлесін қосуда.

2009 жылы Казиева Бибисамиға зейнеткерлік демалысқа шығып, орнына Абуюрова  Арай, Советханов Асхат, баян сыныбына Касымханова Гулнур, би сыныбы ашылып Искакова Динара сынды жас ұстаздар келіп, саз мектебі гүлдене түскендей болды.

2009 жылы дәріс беріп отырған ғимарат СПТУ мекемесі болып бекіп,   Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 3 қабатына орналастырылды.

2011 жылдың желтоқсан айынан бастап Саз мектебі аудандық мәслихаттың шешімімен Ақжар орталығындағы 2 қабатты әсем де, кең ғимаратқа орналастырды. Талай жылдар бейнелеу сыныбының оқытушысы және кейінен директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған Шоқанов Әлібек мектебіміздің ішінен « Өнер мектебі» болып бөлініп, жеке отау болып шықты.

Соңғы жылдары Саз мектебін домбыра сыныбының мұғалімі және директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған, Қабатаева Ажар Бакытқызы 2016 жылы директорлық қызметке бекітілді. Осы оқу орнында бірнеше жыл жұмыс істеп, ыстығы мен суығына көнген ұстаз жұмысты жаңаша ұйымдастырып, ата-аналарды , қоғамдық ұйымдарды, жергілікті басқару органдарына жаңашылдықты бейімдеп, жұмыстар жүргізді. Шәкірттер саны молайып, сыныптар көбейе түсті. Саз мектебінің абыройы артып, көпшілікке танымалдығы  белең алды. Оған себеп,  домбыра, қобыз, баян,жетіген,вокал және хореография сыныптары бойынша – Халықаралық,Республикалық және Облыстық деңгейлерде өткен әр түрлі өнер байқауларында зор жауапкершілікпен қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ: -  2017ж Өскемен қаласында «Жеті өнер» шығармашылық орталығының  ұйымдастыруымен  өткен «Алатау шыңы» атты   ІІ  Республикалық    балалар мен жастар шығармашылық конкурсына қатысып  Кенжебеков  Мадияр  - 2 орын,  Сағатов  Біржан  мен Кабибиев Дамирлер 3 орын алды. (оқытушылар: А.Кабатаева, А.Советханов, Н.Кожекова)

 

-2017ж  «Нұрорда» мектеп - лицейінің  ұймдастыруымен  және «Майра» продюссерлік орталығының жетекшісі, Қазақстан Республикасының  халық артисі М.Илиясованың қатысуымен Өскемен қаласында өткен балалар мен  жасөспірімдердің Республикалық «Жас толқын» ән  байқауына  Әділбек Парасат  қатысып  1 орынға  ие болды. ( оқытушысы:  А.Советханов)

 

- 2017 ж  Астана  қаласында өткен  балалар мен  жасөспірімдердің «Қазақстан таланттары» атты халықаралық  фестиваль – конкурсына қатысып, Армиянова Аяужан - 1 орын(оқытушысы.А.Қабатаева ), Сағатов Біржан   ( оқытушысы:  А.Советханов), Ержанұлы Елжан, Болатбек Еркебұландар - 3 орынды (оқытушысы.Қ.Смағулов)  иеленді.

2018 жылы Қазақстан таланттары шығармашылық  дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен 1 Республикалық «Қазақстан Таланттары» Рухани-Патриоттық байқауында « Аспапта орындаушылық өнері» номинациясы бойынша жоғары деңгейде көрсеткен өнері  үшін Бас жүлдемен «Ғасыр ұні» жетігеншілер дуэті және Қабибиев Дамир II дәрежелі лауреат дипломы,Шалқар Бақбер III дәрежелі лауреат дипломы мен марапатталды. ( оқытушысы:  Н.Көжекова)

 

        

2018 жылы Қазақстан таланттары шығармашылық  дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен 1 Республикалық «Қазақстан Таланттары» Рухани-Патриоттық байқауында « Хореография » номинациясы бойынша жоғары деңгейде көрсеткен өнері  үшін Бас жүлдемен «Көркем» бишілер тобы марапатталды. ( оқытушысы: А.Мұхаметкәрімова)

 

2018 жылы Шығыс Қазақстан  облысы  білім басқармасының «Облыстық қосымша  білім  беру және  дене  шынықтыру орталығының » ұйымдастыруымен өткен І облыстық « Сиқырлы лира» байқауына қатысып Болатбек Еркебұлан ІІ орынға(оқытушысы:Қ.Смағулов),Азимханов Нұрасыл III орынға(оқытушысы. Е.Сәкенов )  Айкенова Таңбибі(оқытушысы. М.Қожаева ) мен Сағатов Біржан дипломант  атанды  (оқытушысы: А.Советханов )

2018 жылы Халықаралық «Golden Stars» таланттар байқауында  «Шаттық» және «Көркем»би топтары «Хореография өнері »номинациясы бойынша Бас жүлдеге ие болды .(оқытушысы Айгерім Мұхаметкәрімова)

Аудан әкімі – Ділдәбек Тәжібайұлының  қолдауымен,үлкен өнерге деген белсенділіктері мен ынта-жігерлері үшін Саз мектебіне жанашырлық жасап, ғимаратты жөндеуге жиһаздар мен оқу құрал-жабдықтарын алуға қол ұшын берді, қаржы бөлді. 2017 жылы Аудан әкімінің қолдауымен, 5 жетіген аспабы алынды, сынып ашылды. Оған Саз мектебі ұжымы тән риза. Мұндай игі істер жалғасын таба береріне сеніміміз  мол.

12.05.2018 жыл   Ақжар балалар саз мектебінің   50 жылдық мерейтойы  болып өтті. 50 жылда еңбек еткен ұстаздар мен шәкірттер жан –жақтан қонақ болып келді.  ҚР Мәдениет қайраткері Каирбаев  Канапья Капашұлы  атындағы мұражай ашылды.  Аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы мерекемен құттықтап, еңбегі сіңген ардагер ұстаздар мен түлектерді «Еңбек ардагері» , және «50 жылдық арнайы мерекелік» медалімен  және ұстаздарды алғыс хатпен  марапаттады.  «Өнерлі елдің тұғыры мықты» естелік кітаптың тұсау кесері және «Шалқысын асақақ әуенім» атты оқушылардың меркелік концерті өтті.

Бұл күндері 50 жылдық асқаралы биігіне көтеріліп, жас жеткіншектердің бойына рухани-мәдени және адами қасиеттерді қалыптастыру жолында еңбек етіп келе жатқан ұжым мүшелерінің алар асулары әлі алда, елге берелері мол.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар